Басты тақырыпСпорт

САНДУҒАШТЫҢ ЖЕҢІСІ

Қазақстанның халық жазушысы, драматург Тахауи Ахтановтың 100 жылдығына арналған Ақтөбеде халық театрларының «Театр- өнердің ұлы көші» атты ХІ республикалық фестивалі өтті. 11-12 сәуір күндері қала халқы мен қонақтарына театр думанын сыйлаған өнер мерекесін облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен облыстық халық шығармашылығы орталығы ұйымдастырды. Театр десе ішкен асын жерге қоятын талғампаз көрермен екі күн қатарынан еліміздің 8 өңірінен келген 10 халық театры ұсынған драматург Т.Ахтановтың үздік қойылымдарын тамашалады.
Соның ішінде 90 жылға жуық тарихы бар Ойыл халық театрының таланттары Т.Ахтановтың «Күтпеген кездесу» деп аталатын спектаклін қойды.
Нәтижесінде аудандық мәдениет үйінің халық театрының әртісі әрі режиссері Сандуғаш Қарсақбаева «Үздік шынайы сомдағаны үшін» номинациясы мен 300 мың теңгенің сертификатына ие болды.
Жарайсың, Сандуғаш!

Басқа жаңалықтар