ӘкімдікӘлеуметБасты тақырыпРухани жаңғыру

ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА –

АНАҒА ТАҒЗЫМ!

Ойыл селосындағы Шернияз көшесінің бойындағы екі қабатты тұрғын үйдің қабырғасына ескерткіш тақта орнатылды. Ол үйде 1970-72 жылдары «Еңбек Қызыл Ту» орденінің иегері, еңбек ардагері Сәуле Зұлқарнайқызы Қарабалиева тұрған.

Момериалдық тақтаның орнатылуына мұрындық болған баласы еңбек ардагері Рақым Қарабалиев. Ескерткіш тақтаның ашылуына көзін көрген ағалар мен ұлы Рақымның замандастары жиналды.

Жұртшылықты анаға құрметтің үлгісін көрсеткен Рақым ағаның игі ісімен құттықтаған аудан әкімінің орынбасары Мұратбай Айдарбаев атымтай азаматтың Ойыл үшін атқарған еңбегіне тоқталды.
Еңбек және спорт ардагерлері Болат Бекетаев пен Рақым Қарабалиевтар ескерткіш тақтаны салтанатты ашып, өнегелі істің ұлағатын жылы лебізбен ұштастырды.

Басқа жаңалықтар