ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып

ШАРУА ҚОЖАЛЫҚ ИЕЛЕРІН НЕ ТОЛҒАНДЫРАДЫ?

Жуырда ауданға “Қазақстан фермерлерінің қауымдастығы” Ақтөбе облысы бойынша филиалының директоры Берік Сариев бастаған арнайы топ келді.

Жұмыс тобының құрамында облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары, ветеринария басқармасы, кәсіпкерлік, ветеринариялық бақылау және қадағалау испекциясы басшылары,«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ директорлары болды.
“Шұғыла” мәдениет және демалыс орталығында округ әкімдері, Ойыл селосындағы шаруа қожалық басшыларымен кездесті. Кездесу жиынын тізгіндеген аудан әкімі Асқар Қазыбаев келген арнайы топ өкілдерімен таныстырды.
Жиын барысында топ мүшелері ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, ветеринария, сонымен бірге шағын және орта бизнесті несиелендіру мәселелері бойынша баяндама жасап, тұрғындар сұрақтарына жауап берді.
Өз кезегінде шаруа қожалық басшылары ауданда болып жатқан жағдаймен ашық бөлісіп, субсидия алу кезінде бірқатар қиыншылықтар бар екенін хабарлап, ветеринариялық-санитарлық бақылауды қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы сөз қозғады.
Жиын соңында өкілдер жеке қабылдау өткізді.
Г.АБАЙҚЫЗЫ

Басқа жаңалықтар