ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып
ТАЗАЛЫҚ – БАРШАҒА МІНДЕТ
ЖИЫРМА ТӨРТІНШІ ТАМЫЗ КҮНІ «АУДАННЫҢ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІ АУМАҒЫНДА КӨГАЛДАНДЫРУ, САНИТАРЛЫҚ ТАЗАРТУ ЖӘНЕ АБАТТАНДЫРУ ШАРАЛАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ТУРАЛЫ» АУДАН ӘКІМІНІҢ ӨКІМІ ШЫҒЫП, ЕКІ АЙЛЫҚ ЖАРИЯЛАНДЫ. ЕКІ АЙЛЫҚ КЕЗІНДЕ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ САНИТАРЛЫҚ ТАЗАРТУ, АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ ЖАСЫЛ ЖЕЛЕКТЕНДІРУ БАҒЫТЫНДА АУДАНДЫҚ ІС ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ БЕКІТІЛДІ.
Жыл сайын дәстүрлі түрде қолға алынатын күзгі тазалық айлығы аудан орталығы мен ауылдық елді мекендерде жүргізілуде. Күзгі тазалық айлығына мекеме қызметкерлері мекемелерінің қасбетін түзеп, айналасын тазалаумен қатар, ауыл кіре берісін әктеп, өзіндік үлестерін қосуда.
Сонымен қатар ауылға көрік беріп тұрған тарихи маңызы бар жерлер мен «Керуен жолы» монументін жаңарту, «Көкжар» сауда қатарларын сырлау, әктеу, қоқыстан тазарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Сенбілікке бөлім басшылары, мекеме, кәсіпорын қызметкерлері белсене қатысып, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», ауылдың тазалығын сақтауға үлестерін қосуда.