ӘлеуметРухани жаңғыруЭкономика
ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСТЕ КӨПТІҢ КӨМЕГІ ҚАЖЕТ
ӨТКЕН ЖҰМАДА АУДАНҒА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МОБИЛЬДІ ТОП МҮШЕЛЕРІ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ. ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ ҚҰРАМЫНДА ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ АЛМАТ МЫРЗАЛИЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ БІРІНШІ МЕДИА ОРТАЛЫҒЫ РҚБ ФИЛИАЛЫНЫҢ БАСШЫСЫ, ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ МҮШЕСІ ӘСЕЛ МҰСТАФИНА, «АТАМЕКЕН» СТУДЕНТТЕР ОТРЯДЫНЫҢ ЖАСТАР ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ НҰРЖАН ШАҢҒЫТБАЕВ, ВОЛОНТЕР-СПИКЕР ӘЛІШЕР МАЖИТ БОЛДЫ.
Мобильді топтың мақсаты — халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты түсіндіру, яғни тұрғындарды жемқорлық әрекеттеріне жол бермеуге шақыру, пара беру немесе алу әрекеттері орын алған жағдайда, құқық бұзғандарға қандай жазалар қолданылатындығын түсіндіру.
Семинар барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу жемқорлыққа қарсы мәдениет пен сананы қалыптастыру мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет түсінігі, құрылымы, міндеттері мен функциялары жайында ақпараттар беріліп, жиынға қатысушылардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Шара барысында мобилдік топ мүшелері сыбайлас жемқорлықтың мемлекет үшін де, қоғам үшін де аса қауіпті дерт екенін атап өтіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысты қолдауға шақырды. Топ мүшелері жиын соңында аудан тұрғындарына құқықтық және проблемалық мәселелері бойынша азаматтарға арналған қоғамдық қабылдау жүргізіп, сауалдарына жауап берді.
Сонымен қатар ауданға жасаған жұмыс сапары аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлар Ойыл ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға салынып жатырған баспаналардың құрылыс жұмыстарына мониторинг жүргізді.
P.S. АЙТА КЕТУ КЕРЕК, ЖОБА АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫ МЕН «АТАМЕКЕН» СТУДЕНТТЕР ОТРЯДТАРЫНЫҢ ЖАСТАР ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ӘЛЕУМЕТТІК ТАПСЫРЫСЫ АЯСЫНДА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.
Г.АБАЙҚЫЗЫ.