Әкімдік

АУДАНДЫҚ МАНСАП ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН СЕМИНАР ӨТТІ

Өткен апта “Шұғыла” мәдениет және демалыс орталығында аудандық мансап орталығының ұйымдастыруымен мекемелердің әлеуметтік салаға жауапты мамандарына семинар өткізілді. Семинарға аудан әкімінің орынбасары Мұратбай Айдарбаев, аудандық Мансап орталығының басшысы Дәурен Бисебаев, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Сәндібек Дәулетқалиев қатысты.
Семинар барысында мансап орталығының мамандары 2024 жылға аудан бойынша бекітілген жоспарды, жастар тәжірибесі, алғашқы жұмыс орны, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту және тағы да басқа қызметтер туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, Enbek.kz платформасында бос жұмыс орнын құру, жұмыс орындарына өтінім беру және электронды еңбек шарттарын жасау бойынша мәліметтер берілді. Семинарға қатысушы қызметкерлер жұмыс барысында кездесетін жағдайларды талқылап, мансап орталығының мамандары тарапынан көптеген сұрақтарға жауап алды.

Басқа жаңалықтар