ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып

«ҰРАНДЫ ЕЛДІҢ ҰРПАҒЫ ҚАЙСАР»

Өткен апта «Шұғыла» мәдениет және демалыс орталығында Отан қорғаушылар күніне орай мерекелік шара өтті. Бұл күн еліміз үшін айтулы, маңызы бөлек мереке.

Аудан әкімі Асқар Қайырғалиұлы аудан тұрғындарын мерекемен құттықтап, бірқатар азаматтарға қажырлы еңбектері үшін алғыс хат табыстады. Тарқатып айтсақ, аудан аумағында қауіпсіздікті сақтап, қылмыстардың алдын алудағы қажырлы еңбегі үшін аудандық полиция бөлімі терминалды полиция тобының жедел уәкілі, полиция капитаны Абзалбек Сисенов, ауданда қорғаныс істері саласындағы ұзақ жылғы қажырлы еңбегі үшін аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жасақтау қызметінің басшысы Жәнібек Келинберлин, прокуратура саласындағы қажырлы еңбегі үшін аудандық прокуратурасының күзетшісі Еркебұлан Ақылбаев, аудан көлемінде табиғи және техногендік сипаттағы әртүрлі төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюдағы қажырлы еңбегі үшін аудандық №18 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші – құтқарушысы, азаматтық қорғау кіші сержанты Мұрат Тапашев, білім беру ұйымдарында патриоттық тәрбие берудегі еңбегі үшін Ә.Дербісалин атындағы Саралжын орта мектебінің алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Нұрлан Дүйсеғалиев, Ақшатау орта мектебінің алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Ерлан Мерғалиев, Ойыл аграрлық колледжінің алғашқы әскери дайындық пәні оқытушысы Сүйіндік Өскінбаев марапатталса, Кеңес Одағының батыры, халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы төсбелгісімен Сарбие ауылдық округінің әкімі Дәурен Бисебаев наградталды. Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы подполковник Әділет Отарбаевтың алғыс хатымен қоғамдық кеңес мүшесі Ләззат Байманова марапатталды.
Мерекелік шарада полиция қызметкерлері қоян-қолтық ұрысының әдіс-тәсілдерін көрсетсе, Ш.Бекмұхамбетова мектеп гимназиясының жас ұландары автоматты шашып, жинауларымен тәнті етті.
Ал, кеше ғана Отан алдындағы борышын өтеп келген Алтынбек Ырысқалиев өз лебізін білдіріп, мерекемен құттықтады.
Жас ұландардың саптық көрсетілімдеріне ұласқан шара соңын аудан көркемөнерпаздары әнмен шашу шашып, бимен көмкерді.
Гаухар АЛЕКСЕЕВА,
Ойыл селосы.

Басқа жаңалықтар