Рухани жаңғыруСпорт

“АУЫСПАЛЫ КУБОК” ФУТБОЛДАН АУДАНДЫҚ БІРІНШІЛІК ӨТТІ

13-14 қыркүйек күндері аудан орталығында аудан әкімінің жүлдесіне арналған «Ауыспалы кубок» шағын футболдан аудандық біріншілік ұйымдастырылды. Жарыстың ашылу салтанатына аудан әкімі Асқар Қазыбаев спорт ардагері Рақым Қарабалиев қатынасып, жарыс жолының шымылдығын ашып, спортшыларға сәттілік тіледі. Жарысқа 9 команда бақ сынады. Атап айтсақ аудан әкімдігі, аудандық аурухана, полиция бөлімі, газ мекемесі, өрт сөндіру бөлімі, Ойыл балалар- жасөспірімдер спорт мектебі, Ж.Жүсібалиев атындағы қазақ орта мектебі, Ойыл қазақ орта мектебі, Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназиясы қызметкерлері қатынасты.
Жарыс өте тартысты өтіп, ақтық ойын көрермендер көңілінен шықты.
Жарыс нәтижесінде lll орын Ж. Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебі, ll орын Ойыл қазақ орта мектебі, l орын Ойыл балалар-жасөспірімдер спорт мектебі жеңімпаз атанып, «Ауыспалы кубокке» ие болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге мадақтама қағаз және медаль табыс етілді.

Басқа жаңалықтар