ӘлеуметБасты тақырыпСпорт
Бірлескен жаттығудың берері көп
Ақтөбе облысы Ойыл ауданынының жас палуандары Қырғыстаннан келген жасөспірімдер құрамасымен оқу жаттығу жиынын өткізді. Бір аптаға созылған жиын нәтижелі болды. Құрама сапындағы балалар өзара тың тәсілдерді меңгеріп, мол тәжірибе жинады. Шапшаңды, үздік техника, қорғана отырып шабуылға өту сынды боз кілем шеберіне қажет дағдыларды меңгерді. Азия чемпионы Еркебұлан Боранғалиев және аға жаттықтырушы Досбол Аманғосов боз кілемдегі тайталас кезінде, үздік әдіске мән беріп, жас палуандарды жаттықтырса, Қырғыз елінің мақтанышы құрама жетекшісі, Нұрсұлтан Коконов моральдық және физикалық дайындығына күш салды. «Бұл аудан спортшылары үшін алғаш рет ұйымдастырылып отырған бірлескен оқу жаттығу жиыны болды. Әрине жаттығу залында төгілген тер, еткен еңбек алдағы жарыста өз нәтижесін береді деген үміттеміз. Жас боз кілем шеберлерінің тыңғылықты дайындығы аса маңызды. Психологиялық, физикалық тұрғыда жас өрендер өздеріне қажетті тәжірибені жинап жатыр. Әрине бұл бастамасы. Бұл оқу-жаттығу жиыны — үлкен белестерді бағындыру үшін тағы бір қадам. Тарихта қалар жеңісті күндеріміз көп болсын!», — деді Ойыл ауданы құрамасының аға жаттықтырушы Досбол Аманғосов.