ӘкімдікБілімМәдениетРухани жаңғыруЭкономика
МЕРЕКЕ КҮНІ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРІЛДІ
Республика күні Ойылдағы орталық саябақтың Тутұғыр алаңында мерекелік шара ұйымдастырылды. Ту көтеру салтанатты рәсіміне аудан әкім Асқар Қазыбаев пен аудандық қорғаныс істері бөлімінің ұжымы және жуырда ғана Отан алдындағы міндетті борышын өтеп келген сарбаздар, аудан тұрғындары қатысты. Мемлекеттік әнұран орындалған кезде көк байрағымыз салтанатты түрде көтерілді.