Мәдениет
«ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТҰРҒЫНДАР ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТЫН АРТТЫРДЫ
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ Қ.ТОҚАЕВТЫҢ «ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒЫТЫ» ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНДА АЙТЫЛҒАН ТАПСЫРМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ МАҚСАТЫНДА «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» БІЛІМ БЕРУ ЖОБАСЫ БАСТАЛҒАН БОЛАТЫН.
Тамыз айында «Қарызсыз қоғам» білім беру жобасы аясында жоба кураторлары аудан орталығына келді.
Бірнеше күнге жалғасқан семинарда аудан орталығындағы мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен аудан жастары жоба кураторларынан білім алды.
Тұрғындардың қаржылық сауатын арттыруға атсалысып жатқан қаржылық сарапшы қаржы мәселесі қалай пайда болатынын, дәл қазіргі уақыттағы несие қарызының санын қалай азайтудың қандай жолдары бар екенін, алаяқтық әрекетті анықтау жолдарын және қаржы пирамидасынан қалай аулақ болу керек екенін түсіндірді.
Ауданымызда өткен «Қарызсыз қоғам» білім беру жобасының алғашқы бес күндігінде курсты Ойыл ауылдық округі бойынша 55 тыңдарман тамамдады.
Шараға жоба менеджері Ақмарал Мұратқызы және аудан әкімінің орынбасары Мұратбай Айдарбаев қатынасты. Бес күнге жалғасқан семинарда аудан орталығындағы мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен аудан жастарына сертификат табысталды.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ