КІТАПХАНАДАҒЫ КЕЗДЕСУДІҢ АРҚАУЫ — «АУЫЛ АМАНАТЫ»
Елімізде 2023 жылдан бастап «Ауыл аманаты» жобасы іске қосылды. Бүгінде аталған жоба елімізде сәтті жүзеге асырылып, халықтың ауылда еңбек етуіне, жұмыссыздар санының азаюына, сонымен қатар тұрғындардың табысының артуына оң әсерін тигізуде.

Сондықтан, жуырда «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы Ойыл аудандық филиалының директоры Жасұлан Ержанов аудандық оралықтандырылған кітапхана ұжымсымен кездесіп, «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасы ауыл шаруашылығын дамытуға, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды бастама екенін түсіндірді. Кездесу барысында «Ауыл Аманаты» жобасының негізгі қаржыландыру бағыттары мен несиенің негізгі шарттары туралы жан-жақты ақпарат берді.
Айта кету керек, ел тұрғындарын агробизнеске тарту және ауылдық жерлердегі кәсіпкерлікті қолдауды көздейтін бұл жоба президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылдың 26 қарашасындағы ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде іске қосылған.
Ауыл тұрғындарына өз кәсібін ашуға немесе қолданыстағы бизнесті кеңейтуге көмектесуге арналған бұл жоба екі жылдың ішінде ауылдық жерлердегі экономикалық белсенділікті арттырып, ауылдық аймақтардың дамуына елеулі үлес қосып отыр.