АЛДЫМЫЗДА ТӨЛ МӘДЕНИЕТІМІЗДІ ДӘРІПТЕУ ЖОЛЫНДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

Бурабайда өтіп жатқан Ұлттық құрылтай отырысында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде атқарылып жатқан Қазақстанның материалдық және материалдық емес мұраларын халықаралық тізімдерге енгізуге айрықша мән беру керектігін баса айтып өтті. Мемлекет басшысы өз сөзінде
-«Біз ЮНЕСКО-мен ынтымақтастық аясында Қазақстанның материалдық және материалдық емес мұраларын халықаралық тізімдерге енгізуге айрықша мән беріп жатырмыз. Бұған қоса, түрлі ұлттың барша адамзатқа ортақ білім қазынасына қосқан зияткерлік үлесін көрсететін «Әлем жады» тізіміне деректі мұраларымызды енгізу жұмысын жандандыру қажет.
Жаңа заманда біздің алдымызда жаңа міндеттер тұр. Көптеген ел өзінің салт-дәстүрі мен қазіргі инновацияларды өзара үйлестіру арқылы дамудың даңғыл жолына түскенін тарихтан көріп-біліп отырмыз. Сол секілді біз де төл мәдениетімізді қазіргі әлемдегі шынайы жағдайға бейімдеуіміз қажет.
Бүгінгі таңда мәдениет және идеология саласы жасанды интеллектінің ықпалымен түбегейлі өзгере бастағаны бәріңізге айқын. Төл мәдениетімізді дәріптеу жолында, әлемге мәдениетімізбен мақтанарлықтай дәрежеге көтеруміз қажет.
Шалабаев Тыныштыбай
«Ойыл мүгедектерді қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы