Президент: салық реформасы аясында батыл шараларды дәл қазір қабылдау керек

БУРАБАЙ. KAZINFORM – Билік бизнеске қолдау көрсетіп келді, көрсете де береді. Бұл туралы Бурабайда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.
«ҚазАқпарат»
Халықаралық ақпарат агенттігі
16:11, 14 Наурыз 2025 | GMT +5
Президент: салық реформасы аясында батыл шараларды дәл қазір қабылдау керек
БУРАБАЙ. KAZINFORM – Билік бизнеске қолдау көрсетіп келді, көрсете де береді. Бұл туралы Бурабайда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.
Бөлісу:
Коллаж: Kazinform
– Әділ әрі тиімді салық жүйесін құру еліміздің болашағына, кейінгі ұрпақтың тұрмысына тікелей әсер ететінін ұғынған жөн. Билік бизнеске қолдау көрсетіп келді, көрсете де береді. Бұған күмән болмауға тиіс. Бірақ бизнестің өзі заңды және заңсыз болады. Біз заңды сақтау, тәртіпке бағыну керек деп жатамыз. Ендеше Үкіметтің және жалпы биліктің қолдау шараларының игілігін, бірінші кезекте, адал әрі жауапты, ең бастысы, заң аясында жұмыс істейтін кәсіпкерлер көруге тиіс, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент салық реформасы аясында батыл шараларды дәл қазір қабылдау керек екенін атап өтті.
– Әйтпесе, бұдан да зор қиындыққа тап боламыз, – деді Мемлекет басшысы.
Президент қоғамда қызу талқыланып жатқан салық реформасына қатысты пікірін айтты.