Экономика

«ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ

Ұлттық құрылтайдың ІҮ отырысында да елдің болашағына бағытталған құнды дүниелер айтылды.
Мемлекет Басшысы : «Баршаңызға мәлім, екі жыл бұрын менің тапсырмаммен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы басталды. Жобаның негізгі мақсаты мектептегі орын тапшылығын жою, сондай-ақ, апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін шешу болды. Биыл елімізде 500 мың оқушыға арналған екі жүзден астам мектеп салынады. Мына жайтты қаперде ұстаған жөн: барлық жерде тек «Жайлы мектеп» жобасы аясында мектеп салу міндетті емес. Сапалы салынған қарапайым мектептерге де сұраныс жоғары. Үш жылда 1300, соның ішінде ауылдағы 900 білім ордасын жаңғырту қажет. Жаңа оқу жылына дейін мемлекеттік және жекеменшік мектептің барлығы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін арнайы құралдармен жабдықталуға тиіс» — деп нақтылап айта кетті. Жас ұрпақтың жан-жақты білім алуы, дамуы үшін қолайлы жағдай жасау әрқашан мемлекеттің басты міндеті. Әділетті Қазақстан реформаларының жүргізіліп жатқан бағытына сай барлық ата-анаға, жалпы халықтың болашаққа деген сенімін арттырады деген үміттемін.

Қабдығалиұлы Самғат
Ойыл аудандық мәслихат депутаты

Related Articles

Back to top button