Экономика
ҚАЗАҚ ЕЛІ ТҮБЕГЕЙЛІ ӨЗГЕРІС ҮСТІНДЕ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысында әлеуметтік ахуал,ел экономикасының дамуы,мәдениет пен білім, қоғамдық және ұлттық қауіпсіздік сияқты өзекті мәселелерге тоқталып өтуі ел назарында болды деймін.Айтылған мәселелердің бәрі де қазіргі қоғамдағы жағдайлармен шектелмей, еліміздің дамуына мол мүмкіндік берері анық.Қазақ елі түбегейлі өзгеріс үстінде.Бұл дегеніміз- халқымыздың байқуатты өмір сүруіне мол септігін тигізеді.
Ұлттық құрылтайдың да мақсаты айқын,берері де,айтары да анық.Сондықтан бүгінгідей айтулы Амал мерекесінде Ұлттық құрылтайдың өтуі,елдің тыныштығына,ауызбіршілігіне жасалған нық қадам деймін.
Райым Аманғосова
Ойыл ауданның белсенді жасы