Экономика
Халық таңдауы – ел болашағының кепілі

15 наурызда өтетін референдум – мемлекет дамуының маңызды кезеңдерінің бірі. Бұл – ел өміріндегі өзекті мәселелерді бүкілхалықтық деңгейде шешуге мүмкіндік беретін тетік. Мұндай саяси шаралар азаматтардың пікірін ескеруге, қоғамның үнін билікке жеткізуге жол ашады.
Қазақстан үшін референдум – халық пен мемлекет арасындағы сенімді нығайтатын маңызды қадам. Себебі елдің стратегиялық бағытына қатысты шешімдер тек заңнамалық деңгейде ғана емес, қоғамдық қолдауға сүйенгенде ғана нәтижелі болады. Ал бұл қолдау референдум арқылы айқындалады.
Болайева Гүлжан
Қоғам белсендісі



