Мәдениет

Жастар күні Бүгінгі толқынның белесін көрсетті

1999 жылдың 17 желтоқсанында БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 12-ші тамыз Халықаралық жастар күні деп бекітілген. Осыған байланысты жексенбі күні «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» атындағы саябақта мерекелік шара өтті. Ән мен күйге, би толған бұл күні жастар белсенділік танытып думанды кештін шырайын келтірді.

Елбасы Н.Ә.Назарбев «Жастары жалын жүректі, өршіл намысты елдің алар асуы биік болады» — дегендей жастар қай заманда, қай елде болмасын асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы. Ойыл ауданында да ертеңгі күні белді тұлғаға айналады деген үмітпен қарайтын жастар баршылық. Тіпті кейбір жастарымыздың шет мемлекеттерде қызмет етіп немесе білім көкжиегін кеңейтіп тереңдетіп жүргендері де бар. Әріге бармай- ақ та аудандағы жастардың да жетістіктері мен ауыз толтырып айтар жұмыстары да жетерлік. Міне осындай жастарды бүгінгі мерекеде сөз алған Ойыл аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Мұратбай Айдарбаев барлық жастарымызды айтулы мерекелерімен құттықтап, бірқатар белсенді жастарды алғыс хаттармен марапаттады. Айта кетсек, Қараой ауылдық окургінің белсенді жасы Сағдат Қабдығалиұлы, Көптоғай ауылдық окургінің белсенді жасы Жарқынай Бақытжанова және ауданда жастар арасындағы қоғамдық саяси және мәдени – көпшілік шаралардағы белсенділігі үшін Елеусін Займолдин, Азамат Мусаев, ауданның денсаулық сақтау саласындағы үлесі үшін Индира Хабаева, ауданның мәдениет саласындағы үлесі үшін Сандуғаш Қарсақбаева, ауданның спорт саласындағы үлесі үшін Шыңғыс Қабдығалиев сынды жастарымызға арнайы алғыс хаттар табысталды. Сонымен қатар аудандық кітапхана ұжымы да «Мен таңдаған мамандық» атты шара ұйымдастырып, Ойыл аудандық ішкі істер бөлімі көші-қон қызмет тобының инспекторы Сұлугүл Иманбаева, Ақтөбе музыкалық колледжінің студенті Ақниет Боранбайұлы, Орталық балалар кітапханасының кітапханашысы Анар Мәуленова секілді жастарымыздан мамандықтары бойынша не себепті таңдағандары, қызықты сәттер мен қиындықтары бойынша сұрақтар қойылып, жиылған көпшілікке ашық әңгіме қылып өрбітті. Мереке соңы жастардың би кешімен ұласты.

Өміргүл ТЕМІРХАН.

 

 

Басқа жаңалықтар