Әлеумет
ШАШТАРАЗ МАМАНДЫҒЫ — ТАБЫСТЫ МАМАНДЫҚ

Президентіміз 2025 жылды «Жұмысшы мамандығы жылы» деп жариялады. Елдің алдына көп шыға бермейтін, бірақ жұмысы арқылы тұрғындардың көңілінен шығатын мамандық ол шаштаразшы.
Шаштараз — бұл оқу ғана жеткіліксіз болатын бірнеше мамандықтардың бірі; клиенттің шаш үлгісінің сыртқы түрімен үйлесімділігін құруға мүмкіндік беретін белгілі бір талант және батылдық болуы керек. Қазіргі заманда сырт келбетіне, әдемі шаш үлгісіне көп көңіл аударылады.
Жауынбаев Күншашқан Бейбітұлы 2018 жылдан бастап ерлер шаштаразын ашып жұмыс жасауда.
«Шаштараз мамандығы шығармашылық жұмыс деп айтуға болады. Себебі мұнда да ізденіп, өзіңді жетілдіріп отырмасаң, көштен қалып қоюың әбден мүмкін»,-дейді Күншашқан.