ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып
ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ ТЫҢДАЛДЫ
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17 және 21-баптарына сәйкес және қоғамды одан әрі демократияландыру, елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы халықты хабардар ету, жергілікті атқарушы органдардың ашықтығын, жауапкершілігін, есептілігін арттыру мақсатында аудан әкімінің әр ауылда, кентте, ауылдық округте, аудандық маңызы бар қалада тоқсан сайын кемінде бір көшпелі кездесуін өткізу туралы Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 қаулысына сәйкес аудан әкімі Асқар Қазыбаев Қайыңды, Сарбие, Қараой, Ш.Берсиев атындағы ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Кездесуде аудан басшысы ауданда атқарылған жұмыстармен қатар «Ауыл аманаты» жобасын түсіндіріп, тұрғындарды жобаға қатысуға шақырды.
Ең алдымен аудан басшысы ауданда атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарлармен бөлісті. Содан соң ауылға қатысты мәселелерге тоқталды. Ауыл тұрғындары жол, газ, қысқы мал азығы және тағы да басқа өзекті мәселелерді көтерді. Шешу жолдары бойынша аудан басшысы тиісті мекеме басшыларына, ауылдық округ әкіміне тапсырмалар берді.
Аудан әкімі Асқар Қазыбаевтың ауыл тұрғындарымен кездесуі аудан орталығында мәреге жетті. Негізінен мемлекеттің қазынадан бөлінген қаражаттың күшімен атқарылатын ауқымды жұмыстарға тоқталды.
Жиын соңында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.