ӘкімдікБасты тақырып

БАКУДЕ БҰЙЫРҒАН ЖҮЛДЕ

Өткен айдың басында Ақтау қаласында «ZHULDIZ festival 2025» атты балалар мен жасөспірімдерге арналған көп жанрлы Республикалық шығармашылық байқауы өткен болатын. Жалпы бұл байқау еліміздің Астана, Ақтау,Түркістан қалаларында өткізілген болатын. Ал, бұл жарыстың Гран-при иегерлеріне Әзербайжан елінің астанасы Баку қаласында Қазақстан-Әзербайжан елдерінің бірігіп ұйымдастыруымен өтетін “BAKU ART FEST 2025” халықаралық байқауына жолдама берілді.

Ақтау қаласында өткен байқауға Ойыл аудандық балалар музыка мектебінен “Эстрадалық вокал”, “Академиялық вокал” “Қыл қобыз” бөлімдерінен оқушылар қатысқан болатын. Нәтижесінде “Эстрадалық вокал” бөлімінің оқушылары Айсезім Әндірова мен Инабат Қосымова жүлделі екінші орынға ие болса, “Қыл қобыз” класының оқушысы Құндызай Ғалымқызы 1 орынға қол жеткізген-ді.
“Академиялық вокал” класының оқушылары “Трио” жанрымен Дана Саматқызы, Көзайым Аққайыр, Ақкербез Құралқызы қатысып Гран-при жеңіп алды, сонымен қатар Әзербайжан елі,Баку қаласында Қазақстан-Әзербайжан елдерінің бірігіп ұйымдастыруымен өтетін “BAKU ART FEST 2025” халықаралық байқауына жолдамаға ие болған-ды.
Араға бір ай уақыт салып, Гран при иегерлері Дана Саматқызы мен Көзайым Аққайыр жетекшісі Манаргүл Беркінқызымен бірге Ақтау қаласы арқылы Әзербайжан елінің астанасы Баку қаласына барды.
Байқауға жалпы Израиль,Ресей, Қазақстан, Әзербайжан елдерінен 150-ден аса үміткерлер қатысты.
Сөйтіп, шілде айының 7-ші жұлдызында Қазақстан-Әзербайжан елдерінің бірігіп ұйымдастыруымен өткен “BAKU ART FEST 2025” халықаралық байқауында Ойыл аудандық балалар музыка мектебінің “Академиялық вокал” класының оқушылары Дана Саматқызы мен Көзайым Аққайыр (дуэт) жүлделі 3 орынға ие болды. Сонымен қатар, Ойыл аудандық балалар музыка мектебінің жас маманы Манаргүл Досбаева жетекшілерге арналған халықаралық дипломмен марапатталды.

Related Articles

Back to top button