ӘкімдікБасты тақырып
Ақпараттық топ Жолдау жүктеген міндеттерді түсіндірді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауына орай өткен аптада ауданымызға жолдауды түсіндіру, талқылау мақсатында ақпараттық топ өкілдері жұмыс барысымен келді. Ең алдымен аудан әкімдігінде мекеме басшылары, ардагерлермен кездесті. Одан соң «Энергосистема» ЖШС-нің Ойыл аудандық бөлімшесінің ұжымымен кездесті.
Түстен кейін ақпараттық топ өкілдері Саралжын ауылдық округіне қарасты Бестамақ елді мекенінің тұрғындарымен кездесіп, анонимді түрде сауалнама жүргізді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын басқару орталығының директоры Нұрлыхан Хасенов жолдаудағы негізгі міндеттерге тоқталды. Жолдаудың маңыздылығы мен даму бағытында елдің әр азаматының әл-ауқатын жақсарту, бірқатар тың әлеуметтік бастамаларды көтергенін, оны бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, ел болып жүзеге асыру бәріміздің міндетіміз екенін жеткізді. Ал, Ақтөбе облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының қызметкері, медиа маман Қуат Әбілқайыр мобильдік құрылғыларды, интернет желісін дұрыс қолдану керектігін түсіндіріп өтті.
Ақпараттық- насихат топ мүшелері халықпен кездесу барысында жолдаудың басым бағыттары және ел дамуына қосатын үлесі зор екені айтылып, көкейкесті мәселелерге заң аясында жауап берді. Әрі қарай тұрғындар тарапынан қойылған сауалдардың бірі саясат жөнінде сөз қозғалса, бірі ұсыныс-тілектерін білдірді, қазіргі уақыттағы бағаның өсуі, сонымен қатар әйел адамдардың зейнеткерлікке шығу жасын төмендетуге ұсыныс білдірді.
Гаухар Алексеева,
Ойыл селосы.