Жолдау
Өткен сейсенбі күні «Нұр Отан» партиясы Ойыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Еркін Жиеналин мен сектор меңгерушісі сәндібек Дәулетқалиевтар Саралжын ауылдық округінде болып, партияның желілік кестесіне сәйкес, Ә.Дербісалин атындағы Саралжын орта мектебінің ұстаздар қауымымен кездесті.
Кездесу барысында Еркін Жұмағазыұлы Елбасының биылғы»Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын түсіндірді. Әсіресе, Жолдаудың он бағытының білім саласына қатысты тұстарына тоқталды. «Педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жолдарын қайта қарау керек болады. Еліміздің университеттеріндегі педагогикалық кафедралар мен факультеттерді дамыту қажет. Білім берудің барлық деңгейінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту керек. Бұл – жастарды жаңа технологиялық қалыпқа дайындаудың маңызды шарты. Білім беру мекемелерінің арасындағы бәсекелестікті арттырып, жеке капиталды тарту үшін қала мектептерінде жан басына қатысты қаржыландыру енгізілетін болады» — деген Елбасы сөзін жан-жақты, өмірдегі мысалдармен түйіндеген «Нұр Отан» партиясы Ойыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасарының сөзін сол мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дана Майлыбаева «Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығын» ұлттық кодпен ұштастыра түсіндіріп толықтырды. Мектеп мұғалімдері өздерінің ұсыныстарын жеткізді.