ӘлеуметБасты тақырып

«Ата заң-алтын тұғырым»

Өткен аптаның сәрсенбісінде біздің ауданымызда «Конституция» күніне орай таңертеңнен бастау алған мәдени-көпшілік шаралар түстен кейін аудандық мәдениет үйінде «Ата заң-алтын тұғырым» атты салтанатты шарамен жалғасты. Аталмыш шара кезінде киелі сахнаның шымылдығы «Шашу» биімен түрілсе, салтанатты шара жиылған көпшіліктің орындарынан тік тұрып, бабалар ерлігімен аңсатып жеткен азаттықтың ақ нұрына малынған аялы алақандарын елім деп еміренген жүрек тұсына қойып, қосыла шырқаған әнұранмен басталды.

Одан кейін аудан әкімі Дастан Сағыров аудан жұртшылығын аталмыш мерекемен құттықтады. «Біз бүгінгі күнде бабалар ерлігімен келген азаттықтың ақ таңында зайырлы мемлекет болып қалыптастық. Әр қазақстандықтықтың азаматтықтың құқығы «Ата заңымызбен» қорғалған. Сондықтан біз болашақ үшін бірге, жұмыла жұмыс жасауымыз керек», — деп ой түйді. Сонымен бірге «Конституция» күніне орай ауданның тыныштығы мен өсіп өркендеуіне талмай әр салада абыройлы қызмет етіп жүрген бірнеше саланың қызметкерлерін арнайы марапаттай отырып, Нұргүл Қаженова мен Айнагүл Ерқайыроваға «Күміс алқаларын» табыстады. Салтанатты шараның соңы аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

М.ҚҰБАЕВ,

Ойылселосы.

 

 

Басқа жаңалықтар