Басты тақырып
Ақ тілекпен өрілген «Алғыс күні» айрықша аталды.
Биыл көктемнің алғашқы күнімен бірге келетін «Алғыс айту» күнін үшінші рет тойлап отырмыз. Алғыс айту күні мерекесі – тыныштық пен өзара сенімділік, үлкендерге құрмет, Отанымыз бен отбасына деген махаббатты білдіретін күн.
Осы орайда бүгін «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» атындағы мәдениет және демалыс орталығында «Шын жүректен алғыс айтамын» атты мерекелік шара өтті. Мәдени шараға ауданның әр саласында қызмет еткен еңбек ардагерлері мен өзге ұлт өкілдері қатынасты. Онда барша жұртшылықты аталмыш мерекемен құттықтаған аудан әкімі Бұлбұл Күзембаева ауданның даму жолында тынымсыз тер төгіп, сүбелі үлес қосқан бірқатар еңбек ардагерлеріне алғыс хаттар табыстады. Сонымен бірге мерекелік кештің қонақтары мәдениет, медицина қызметкерлеріне айрықша алғыстарын жаудырды.
Осылайша бір-біріне ыстық лебізін жеткізген көпшілік, аудан өнерпаздары ұсынған концерттік бағдарламаны көтеріңкі көңіл күймен тамашалап, қызу қолдау көрсетті. Атап өтсек, мерекелік шараға өзге ұлт өкілдерімен бірге балабақшадағы бүлдіршіндерімізге дейін үн қосты.
М.Әділбайұлы.
Мақаланы толықтай «Ойыл газетінің» алдағы санынан оқи аласыздар.