ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып
Төзбеушілікті қалыптастыруда БАҚ-тың ролі қандай?
Аудандық өнер және өлке тарихы музейі жуырда Ойыл аграрлық колледжінде «БАҚ – қоғамдағы құқық бұзушылыққа «Төзбеушілікті қалыптастыру құралы» тақырыбында пікірлесу шарасын өткізді.
Шараға аграрлық колледждің ІV курс студенттері мен ұстаздары, «Ойыл» газетінің редакторы Серікбай Қойбағаров, аудан әкімі аппаратының заңгері Самал Маханова, аудандық ішкі істер бөлімінің жасөспірімдер инспекторы Таңат Қыдырұлы қатысты.
Тақырыпқа сай заң жүзіндегі мағлұматтар мен дәлелдер келтіре отырып, студенттердің қоғам ортасында тәртіп сақтауға, әлеуметтік желілерді дұрыс пайдалану жөнінде жан-жақты пікір алысты.
Бұқаралық ақпарат құралдарының жалпы қоғамдағы алатын орны, маңызы туралы бейнебаян көрсетілді.
Өз кезегінде шараға қатысушы қонақтар ойларымен бөлісіп, аудандық ішкі істер бөлімінің жасөспірімдер инспекторы Таңат Қыдырұлы жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын-алудың тиімді жолдары туралы түсіндіріп айтып, атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті. Қылмыс пен құқықбұзушылық көбіне түнгі мезгілде орын алатынын айтты.
Сондай-ақ беймезгіл уақытта көшелерде себепсіз жүрмеуге шақырды.
Жастар арасындағы жағымсыз жағдайлардың алдын алу үшін жан-жақты құқықтық тәрбие беру маңызды екенін атап өтті.