Рухани жаңғыру

РУХАНИЯТТЫҢ ШАМШЫРАҒЫ СӨНБЕЙДІ!

КІТАП – АДАМЗАТ АҚЫЛ-ОЙЫНЫҢ ҒАСЫРЛАР БОЙЫ ЖИНАҚТАЛҒАН ҚАЗЫНАСЫ, АЛ СОЛ ҚАЗЫНАНЫ ҰРПАҚТАН ҰРПАҚҚА ЖЕТКІЗУШІ – КІТАПХАНАШЫ. ЖЫЛ САЙЫН 24 ҚАЗАН КҮНІ ЕЛІМІЗДЕ КІТАПХАНАШЫЛАР КҮНІ АТАП ӨТІЛЕДІ. БҰЛ – РУХАНИЯТ ПЕН БІЛІМНІҢ ШАМШЫРАҒЫ БОЛҒАН МАМАНДЫҚ ИЕЛЕРІНЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚҰРМЕТ ПЕН АЛҒЫС КҮНІ.

Кітапханашы – жай ғана кітаптарды сақтаушы емес, ол – оқырманның серігі, білім мен ақпараттың бағыттаушысы. Қазіргі заманда кітапхана тек қана кітап алмасатын орын ғана емес, ол – мәдени — ағарту орталығы, электронды ресурстарға қолжеткізуге мүмкіндік беретін заманауи білім мекемесі. Осы жолда кітапханашылар үнемі ізденіс үстінде жүріп, жаңашылдыққа ұмтылады. Осы мерекеге орай, 22 қазан күні Ойыл аудандық орталық кітапханасында «Кітапханашы — руханияттың шамшырағы» атты тақырыбында кітапханашылар күні мерекесі аталып өтілді. Кітапханашылардың қоғамдағы маңызын дәріптеу, олардың еңбегіне құрмет көрсету, жас мамандарды рухтандыру және кітапхана ісінің беделін арттыруды көздеген іс шараға көп жылдар бойы халыққа қалтқысыз қызмет еткен ардагер кітапханашылар арнайы қонақ ретінде шақырылды. Қонақтар өз естеліктерімен бөлісіп, жас әріптсетеріне жылы тілектерін арнады. Мерекелік кеш барысында өлеңдер оқылып, әндер шырқалып, үздік кітапханашылар марапатталды.
Білімге ұмтылған оқырманның табылар жері – кітапхана, жаңа технология заманында да, кітап адамның ой — өрісіне ықпал жасап, рухани азығы болып қала береді.
Балнұр ҚАЛЫБЕКҚЫЗЫ,
Ойыл аудандық орталық кітапханасының кітапханашысы.

Related Articles

Back to top button