Бұл бүгінгі таңдағы тұрғындарымыздың әл-ауқатын арттырудағы өзіндік зор үлесі бар, өзінің жанқиярлық еңбегімен, қажымас қамқорлығымен қарттарға қызмет етіп, мүгедектерге, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға баға жетпес көмек көрсетіп жүрген мамандардың мерекесі.
Әлеуметтік салада әртүрлі мамандық иелері жұмыс жасап жүргенімен, оларды біріктіретін ортақ нәрсе – жүрек жылуы. Расында, қоғамымыздың, өміріміздің тұрақтылығы мен әл-ауқаты көп жағдайда халықтың әлеуметтік қорғалу деңгейіне, әлеуметтік кепілдіктерге байланысты болса, оның жүзеге асуы әлеуметтік қорғау жүйесінің мамандарымен тікелей байланысты. Бұл – үлкен жауапкершілік.
Осы орайда аудан әкімінің міндетін атқарушы Саян Сапарұлы Сүлейменовтың алғыс хатымен бөлімнің әлеуметтік қызметкерлері марапатталды. Бөлім атынан қиындығы көп жұмысты еңсеріп жүрген аталмыш сала мамандарына зор денсаулық, халықтың әлеуметтік осал топтарын қорғау барысындағы қиындығы мол, бірақ сауапты істе табыс, бақыт пен амандық тілейміз!