ЖАҢА КЛУБ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
КҰлттық мереке – Республика күні қарсаңында сөздің киесін ұлықтаған, оқырман жүрегінен орын алған, ұстаздардың ұстазы кітапханашылардың мерекесі аталып өтті. Осы мерекеге орай, орталық кітапханада қыз – келіншектерге арналған «Кел, сырласайық!» клубы өз жұмысын бастады. Клуб мақсаты - қыз – келіншектердің рухани, мәдени және әлеуметтік белсенділігін арттыру, олардың жан-дүниесін байытып, өмірлік тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау.

Шараға ардагер кітапханашы Жанат Мамедова мен Лиза Қанатова келіп қонақ болды. Шара барысында клуб өз жұмысын кітапханашылар күніне орай, кітапханашы қыздар алғашқы қызметке орналасқан шақтарын, жұмыс барысындағы қызықты күндерін еске алды.
Түрлі сұрақтар қойылып, жауап берілді. Әр бөлім бойынша жұмыс жүрді. «Сюрприз бен марапат» деп аталатын бөлімде байқаулар қорытындысы бойынша сый-сияпаттар беріліп, ҚР ұлттық кітапханасы ҚКО атынан Көсембай ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ж. Қойбағарова, Ақкемер ауылдық кітапханасының кітапханашысы Л, Жолшарова, Ойыл аудандық кітапханасының библиографы Г. Ибағалиевалар «Қазақстанның үздік кітапханашысы» төс белгісімен, аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі Г. Қаплиева «Құрмет грамотасымен» марапатталды. «Кел, сырласайық!» жобасы қыз – келіншектердің өзара сырласатын демалыс ордасы болмақ. Бұл жоба — әйелдер арасындағы бірлікті нығайтып, ұлттық болмысымызды сақтауға қызмет етеді. Алдағы уақытта клуб өз жұмысын отбасылық құндылықтар, ұлттық тәрбие, әйелдердің шығармашылығы мен өнері бағытында түрлі кездесулер, тренингтер мен шеберлік сағаттарын өткізуді көздеп отыр.
Г. ИБАҒАЛИЕВА,
«Кел,сырласайық!»
клубының жетекшісі,
Орталық кітапхананың
библиографы.
 
				


