ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ:ҮЛЕС ҚОСҚАН ҮЗДІКТЕР
Аудандық мәдениет үйінде «Жыл үздігі–2025» салалық қызметкерлерді марапаттау рәсімі мен жыл қорытындысына арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараның басты мақсаты – жыл бойы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарды ұлықтау, еңбек адамдарын ынталандыру және атқарылған жұмыстардың нәтижесін қорытындылау болды.

Салтанатты кешке аудан басшылығы, мекеме басшылары, сала мамандары, марапат иелері мен аудан тұрғындары қатысты. Іс-шарада Ойыл ауданының 2025 жылы жеткен әлеуметтік-экономикалық жетістіктерін қамтыған бейнебаян көрсетілді. Аудан әкімі Асқар Қазыбаев жиналған қауымды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, жыл бойы атқарылған жұмыстарға тоқталды.Салтанатты жиында «Ойыл ауданына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілері мен «Жыл адамы–2025» атағы берілді. Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, құқық қорғау, энергетика, әлеуметтік сала және өзге де бағыттар бойынша сала үздіктері марапатталды. «Ойыл ауданының жыл адамы–2025» атағы спорт саласында ел намысын қорғап, халықаралық деңгейде жоғары нәтиже көрсеткен азаматтарға табысталды. Сонымен қатар аудан дамуына үлес қосқан еңбек ардагерлері мен түрлі сала мамандарына құрмет көрсетілді.

Марапаттау рәсімдері аралығында аудан өнерпаздарының орындауындағы патриоттық және мерекелік әндер, ұлттық билер көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Кеш барысында аудандық мәслихат төрағасы мен аудан әкімінің орынбасарлары тарапынан да сала үздіктері марапатталды. Салтанатты жиын соңында 2025 жылдың табысты қорытындыланып, алдағы 2026 жылға жаңа жоспарлар мен игі бастамаларға сенім білдірілді. Барша еңбек адамдарына алғыс айтылып, жаңа жылда табыс пен береке, бірлік пен тұрақтылық тілектері жолданды. Осылайша «Жыл үздігі–2025» салтанатты кеші еңбек адамын ұлықтаған, жетістік пен бірлікті дәріптеген мазмұнды шара ретінде жоғары деңгейде өтті.
Марапатқа ие болған үздіктер
«ОЙЫЛ АУДАНЫНЫҢ ЖЫЛ
АДАМЫ»
1. Самбо күресінен әлем чемпионатының күміс жүлдегері, «Ақ бидай» республикалық VIII ауыл спорт ойындарының қазақ күресінен жеңімпазы, қазақ күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері, самбо шебері,самбо күресінен қазақстан Республикасының спорт шебері БЕКЗАТ МҰХАНБЕТОВ — Ойыл балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің дзюдо күресінің жаттықтырушысы.
2. 2025 жылы Өзбекстан мемлекеті Ханабад қаласында гір спортынан әлем чемпионатында күміс медаль, Қырғызстан Республикасының астанасы Бішкекте Азия чемпионатында күміс медальға ие болған, Гір спортынан спорт шеберлігіне үміткер РАМУЛ САПАРҒАЛИ — Ақтөбе өндірістік кәсіби колледжінің студенті.
3. 2025 жылы Өзбекстан мемлекеті Ханабад қаласында гір спортынан әлем чемпионатында күміс медаль, Қырғызстан Республикасының астанасы Бішкекте Азия чемпионатында күміс медальға ие болған, Гір спортынан спорт шеберлігіне үміткер ЖАНДАРБЕК ЖАҚСЫҒАЛИЕВ — Ақтөбе өндірістік кәсіби колледжінің студенті.
«Ойыл ауданына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі
1.Ойыл ауданының дамуына елеулі үлес қосқаны үшін САНБЫЗБАЙ ЖҰМАБАЕВ — Қараой ауылдық округі «Жиенбек» шаруа қожалығының төрағасы.
2. Ойыл ауданының дамуына елеулі үлес қосқаны үшін КҮЛЖАМАЛ ӘЛІП — «Ойыл-нан» наубайханасының меңгерушісі.
3. Ойыл ауданының дамуына елеулі үлес қосқаны үшін АСҚАР ӘЖІҒАЛИЕВ – зейнеткер.
Ауданның мемлекеттік қызметке қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен Ойыл ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы ТАТЬЯНА КАРАЕВА.
Халыққа қызмет көрсетудегі елеулі еңбегі үшін — «ҮЗДІК АУЫЛ ӘКІМІ» — ЕРЛАН АСЫЛБАЕВ — Көптоғай ауылдық округінің әкімі.
Денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін «ҮЗДІК МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІ» — ЖАҢЫЛ АТАҒАЛИЕВА — Ойыл аудандық ауруханасының мейірбикесі.
Білім саласына қосқан елеулі еңбегі үшін «ҮЗДІК МҰҒАЛІМ» — РИТА ЖАКЕНОВА — Ш.Берсиев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі.
Мәдениет саласына қосқан абыройлы еңбегі үшін «ҮЗДІК МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРІ» — ГҮЛНАРА БИСЕКЕНОВА — «Шұғыла» мәдениет және демалыс орталығының меңгерушісі.
1. Халыққа қызмет етудегі мінсіз қызметі үшін «ҮЗДІК МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ» — САМАЛ МАХАНОВА — «Ойыл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы.
2. Халыққа қызмет көрсетудегі мінсіз қызметі үшін «ҮЗДІК ДЕПУТАТ» — САЙРАН САМАТҰЛЫ — Ойыл аудандық мәслихатының депутаты.
3. Өз қызметін үлгілі орындағы үшін «ҮЗДІК ЗАҢГЕР» — НҰРЛАН ТӨЛЕПБЕРГЕНОВ — Ойыл ауданы прократурасының аға прокуроры.
4.Қаржы және экономикасаласындағы ұзақ жылғы абыройлы қызметі үшін «ҮЗДІК ҚАРЖЫГЕР» — ЖАНАТ ИСМАГУЛОВА — Ойыл аудандықэкономика және қаржы бөлімінің бас маманы.
5. Ауылшаруашылық саласына қосқан қажырлы еңбегі үшін «ҮЗДІК ШАРУА ҚОЖАЛЫҚ БАСШЫСЫ» — НҰРЛАН ШАХАНОВ — «Темірлан» шаруа қожалығының басшысы.
6. Өзінің қызметтік міндеттерін жоғары деңгейде атқарғаны үшін «ҮЗДІК ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ » — АСЛАНБЕК ЕСЕНҒАЛИЕВ — Ойыл аудандық полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің учаскелік полиция испекторлары тобының учаскелік полиция инспекторы.
7.Халыққа қызмет көрсетудегі мінсіз қызметі үшін «ҮЗДІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУШІ» — АЛТЫНГҮЛ ШАБИКОВА — «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Ойыл аудандық бөлімінің әлеуметтік сала бойынша жетекші маманы.
8. Ауданның пошта, байланыс торабына қосқан елеулі үлесі үшін «ҮЗДІК ПОШТАШЫ» — НАУРЫЗГҮЛ ӘБУҒАЛИЕВА — Ойыл аудандық пошта, байланыс торабы мекемесінің пошташысы.
9. Өз саласындағы абыройлы, қажырлы еңбегі үшін «ҮЗДІК СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРІ» ТАЙБЕК ҚОНАЕВ — «Көкжар» мемлекеттік-коммуналдық кәсіпорнының трактор жүргізушісі.
10. Өзінің қызметтік міндеттерін жоғары деңгейда атқарғаны үшін «ҮЗДІК ШАРУАШЫЛЫҚ МЕҢГЕРУШІСІ» МАРАТ НҰРМАҒАМБЕТОВ — Ойыл аудандық мәдениет үйінің шаруашылық меңгерушісі.
1. Білім саласына қосқан елеулі еңбегі үшін «ҮЗДІК ӘДІСКЕР» — ГҮЛЖАНАТ СҮГІРАЛИНА — Ойыл ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинет әдіскері.
2. Ауданның кітапхана саласындағы ұзақ жылғы абыройлы қызметі үшін «ҮЗДІК КІТАПХАНАШЫ» АЙНАШ ЖАКИНА — Ойыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің әдіскері.
3. Білім саласына қосқан елеулі еңбегі үшін «ҮЗДІК ТӘРБИЕШІ» — АРДАҚ ЕРИШОВА — «Асанәлі» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі.
4. Білім саласына қосқан елеулі еңбегі үшін «ҮЗДІК ЖАС МАМАН» — СЕРІКБОЛ ҚАНАТОВ — Қараой мектеп-балабақшасының химия пәнінің мұғалімі.
5. Білім саласына қосқан елеулі еңбегі үшін «ҮЗДІК ОҚЫТУШЫ» — НҰРДӘУЛЕТ ОРАЛОВ — Ойыл кәсіптік колледжінің арнайы пән оқытушысы.
6. Денсаулық сақтау саласына қосқан абыройлы еңбегі үшін «ҮЗДІК ФЕЛЬДШЕР» — КҮЛӘШ СӘРСЕН — Амангелді медициналық пунктінің фельдшері.
7. «ҮЗДІК ҚОРҒАНЫС ҚЫЗМЕТКЕРІ» — ЛАЗЗАТ ДЕМЕСИНОВА – Ойыл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі басшысының көмекшісі.
8. Энергетика саласындағы ұзақ жылғы қажырлы еңбегі үшін «ҮЗДІК ЭНЕРГЕТИК» — ӘНУАР ӘЖІБАЕВ — Ойыл электр жүйесі учаскесінің мастері.
9. Халыққа қызмет көрсетудегі мінсіз қазметі үшін «ҮЗДІК ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ҚЫЗМЕТКЕРІ» — ДӘУРЕН ӨЛҒАСЫРОВ — Ойыл ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау майоры.
10. Ауданның байланыс саласына қсоқан қажырлы еңбегі үшін «ҮЗДІК БАЙЛАНЫС ОПЕРАТОРЫ» ЕРКЕБҰЛАН ДОСМАЙЛОВ — Ойыл желілік-техникалық қызмет көрсету бойынша екінші санаттағы инженері.
Ауылшаруашылық саласына қосқан қажырлы еңбегі үшін «ҮЗДІК КӘСІПКЕР» — ӘСЕМГҮЛ ШАКЕНОВА — жеке кәсіпкер.
2. Ауылшаруашылық саласына қосқан қажырлы еңбегі үшін «ҮЗДІК КӘСІПКЕР» — САПУРА МЫРЗАҒАЛИЕВА — жеке кәсіпкер.
3. Ауданның медицина саласына қосқан зор үлесі үшін «ҮЗДІК ЭПИДЕМИОЛОГ»- АСЫЛЗАТ ӨТЕПБЕРГЕНОВА — Ойыл обаға қарсы күрес бөлімшесінің бөлімше бастығы, дәрігер-бактериологы.
4. Ауылшаруалық саласына қосқан қажырлы еңбегі үшін «ҮЗДІК АГРОНОМ-ФИТОПАТОЛОГ» — АЙБАТ ҚАРАСАЕВ — Республикалық фитосанитарлық-диагностика және болжамдар және әдістемелік орталығы Ойыл аудандық бөлімшесінің агроном-фитопатологы.
5. Өз қызметін үлгілі орындағы үшін «ҮЗДІК ОРМАНШЫ» — ГАУҺАР ДЕМЕУОВА — Ойыл орман және жаунарлар дүниесін қорғау мекемесінің орман шебері.
6. Ауылшаруашылық саласына қосқан қажырлы еңбегі үшін «ҮЗДІК МЕХАНИЗАТОР» СӘБИТ ЗЕЙНЕЛОВ — «Мұрагер» шаруа қожалығының механизаторы.
7. Ауылшаруашылық саласына қосқан қажырлы еңбегі үшін «ҮЗДІК ЖАС МЕХАНИЗАТОР» — ВЕНЕРА СИСЕНБАЕВА — «Ғайша» жеке кәсіпкерлігінің механизаторы.
8. Ауылшаруашылық саласына қосқан қажырлы еңбегі үшін «ҮЗДІК ЖҰМЫСШЫ» — ҚАЛҚАМАН БИСЕНҒАЛИЕВ — «Спарта» шаруа қожалығының басшысы.
9. Ауданның құрылыс саласына қосқан елеулі үлесі үшін «ҮЗДІК ҚҰРЫЛЫСШЫ» — ЖАЙНА НҰРҒАЛИЕВА – құрылысшы.
10. Өз саласының білікті маманы, жұмысқа деген жауапкершілігі үшін «ҮЗДІК МАЛ ДӘРІГЕРІ» — ҚАЗИ ТАЙБУРИН — Көптоғай ауылдық округі Шұбарши ауылыныңы мал дәрігері.
11. Өз саласының білікті маманы, жұмысқа деген жауапкершілігі үшін «ҮЗДІК ГАЗ СЛЕСАРЫ» — ТӨРӘЛІ ДӘУЛЕТОВ — Ойыл газ шаруашылығы мекемесінің газ слесары.






