Басты тақырып
ОРТАЛЫҚ-АЗИЯ ВОЛОНТЕРЛЕР ФОРУМЫ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР БАС ҚОСТЫ
Жуырда Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан секілді төрт елдің белсенді жастарын бір елге біріктіріп бастарын қосып, бір-бірлеріне үлкен тәжірибе алмасу мақсатында Орталық Азия волонтерлер форумы өтті. Форум Мемлекет басшысының волонтерлерді жұмылдырудың халықаралық жылын жариялау жөніндегі бастамасын қолдауға бағытталған.
Түркістан қаласында өткен Орталық-Азия волонтерлер форумына Ақтөбе облысы, Ойыл ауданынан делегат ретінде «Қараой ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Нұрлан Айтқалиев барып қатысып келді.
Еріктілер форумынан ерекше әсер алған белсенді жас, Нұрлан Айтқалиев былай дейді: «Бұл форумға қатысқан әр саладан жиылған белсенді жастар бірнеше тың жоспарлар мен ауқымды жобалар жасақтауға шабыттары ашылып, үлкен тәжірибе алмасты. Форум өте жоғары деңгейді өтті. Ең алдымен Қазақстан Республикасының Жастар саясатына алғысымызды айтамыз. Осы шараға қатысуға себепші болған @oiyl_zhastary, @jasaqtobe ге және бізге бар жағдайды жасап, қонақжайлықтарын көрсеткен Түркістанның белсенді жастарына @zhas_turkestan үлкен ризашылығымды білдіремін. Форумда волонтерлық акциясы ұйымдастырылды. Түркістандағы Тұңғыш Президент атындағы саябақта. Ақтөбенің «Фиксики» командасы жүлделі І орынды жеңіп алды. Осы акцияда белсенділік танытып, оза шапқанымыз үшін министрлік атынан алғыс хат алдық. Сондай-ақ, келешек жастарға уақыт капсуласы атты тілек жазылған хаттар жасырылып, жан-жақтан келген белсенді жастар өздерінің үздік жобаларымен бөлісті».
Өз тілшіміз.