Мәдениет

ЖАСТАР КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАП, ҮЗДІКТЕРДІ МАРАПАТТАДЫ

ӨТКЕН ЖЫЛДЫҢ СОҢЫНДА АУДАН ӘКІМІ ҚАЗЫБАЕВ АСҚАР ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫНЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН, 2025 ЖЫЛҒЫ АУДАН ӘКІМДІГІ ЖАНЫНДАҒЫ ЖАСТАР ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ ЕКІНШІ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ. КЕҢЕС ОТЫРЫСЫНА, ТИІСТІ МЕКЕМЕ БАСШЫЛАРЫ, АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ, АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ӘКІМДЕРІ, АУДАН, АУЫЛДЫҢ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАРЫ, СТУДЕНТТЕР ҚАТЫСТЫ.

Күн тәртібіне ұсынылған мәселелер бойынша Ш. Берсиев атындағы, Қайыңды, Қараой ауылдық округтеріндегі мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы барысы
тыңдалды. Сонымен қатар, жастар арасында құқықбұзушылық, лудомания, нашақорлықтың
алдын — алу мақсатында атқарылған жұмыстар және жастар арасында әскери қызметті насихаттау және әскери міндеттерін орындау туралы мәселелер талқыланды Күн тәртібіндегі мәселелерге сәйкес, жасалған баяндамалар негізінде ауылдық округ әкімдеріне, мекеме басшыларына ауданда мемлекеттік жастар саясатын қарқынды жүргізуге ықпал ету бойынша кеңес төрағасы Асқар Қайырғалиұлының тарапынан тиісті тапсырмалар берілді. Кеңес отырысында қатысушы жастар тарапынан да, ізгі тілектер мен ұсыныстар айтылды. Кездесу соңында 2025 жылы мемлекеттік жастар саясатына үлес қосып жүрген 15 номинация бойынша үздік жастар, барлық ауылдық округтердің жастармен жұмыс жөніндегі нұсқаушылары және барлық жастар комитеттері, аудан әкімі Асқар Қазыбаевтың дипломымен және алғыс хаттарымен марапатталып, естелік сыйлықтар табысталды.

Related Articles

Back to top button