Экономика

АЛТЫ АЛАШТЫҢ БАСЫН ҚОСҚАН ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ АЛҚАЛЫ ЖИЫН

Мемлекет басшысы Құрылтайда сөйлеген сөзінде Сыр өңірінің қазіргі кезеңде қолы жеткен жетістіктеріне оң баға берді. «Соңғы жылдары Қызылорда облысы заман талабына сай өсіп-өркендеп жатыр. Былтыр аймақтың ішкі жалпы өнімі 6,5 пайызға өсті. Үш жылда облысқа 2 триллион теңгеге жуық инвестиция тартылды. Халықтың 80 пайызы көгілдір отынды пайдаланады. Елді-мекендерге газ құбырын тарту жұмысы алдағы уақытта жалғаса береді. Аймақтағы автокөлік жолының сапасы жалпы жақсы жағдайда деуге болады. Облыстың әуе және темір жол жүйесі де жаңғыртылып жатыр. Қорқыт Ата әуежайының жаңа терминалы ашылды. Қызылорда қаласындағы тарихи ғимараттың бірі – темір жол вокзалы күрделі жөндеуден өтті. Бұған қоса, аймақтағы 10 темір жол бекетін жаңғырту жұмысы басталды. Мұның бәрі облыстың логистикалық әлеуетін арттыра түседі» — деді Президент.
Мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаевтың 5-ші Құрылтайда көтерген идеялары мен ұысыныстарын толық қолдай отырып, алдағы уақытта оларды насихаттауға біз белсене қатысуымыз қажет деген пікірімді білдіремін.
Нұрсұлтан Жумин
Ойыл аудандық жастар ресурстық орталығының маманы

Related Articles

Back to top button