Әлеумет

ЖАС ПЕДАГОГТЕРГЕ АРНАЛҒАН «ACTION RESEARCH» ЖОБАСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Өткен айдың соңында «Шұғыла» мәдениет және демалыс орталығында Ойыл ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен жас педагогтер, жас психологтар және жаңадан тағайындалған психологтарға арналған «Action Research» іс-әрекетті зерттеу жобасының алғашқы отырысы өтті.

Жобаның негізгі мақсаты – жас педагогтердің кәсіби мотивациясын арттыру және өзгерістерге икемделу қабілетін дамыту. Отырыста қатысушылар психологиялық «Prioritet» ойынын ойнап, өз құндылықтарын анықтады, бейнеролик арқылы кәсіби қиындықтарға шешім іздеді және зерттеу мәселесін постер арқылы қорғады. Отырыста пән мұғалімі мен сынып жетекшілердің оқушылармен жағымды қарым-қатынасы, уақытты тиімді пайдалану және күн тәртібін сақтау, шекараны сақтау және еркіндік пен қаталдықты үйлестіру, педагогтың кәсіби біліктілігін көрсету және оқушыларға нақты талап қою сияқты мәселелерге баса назар аударылды.
Алғашқы отырыс қатысушыларға жаңа тәжірибе мен пайдалы әдістерді көрсетті. Жобаның келесі кезеңдері сәуір және мамыр айларында өтеді.

Related Articles

Back to top button