Әлеумет

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында халықаралық блогерлер

29 шілде күні 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясы «Qazaqstan» жеңіл атлетика кешенінде шетелдік блогерлерге отандық туризмді дамыту перспективалары мен презентациясын және ұлттық спорт түрлері элементтерін көрсете отырып, кездесу өткізді. Іс-шараға 8 мемлекеттен, атап айтқанда, Таиланд, Малайзия, Қытай, Оман, Түркия, Әзірбайжан, Вьетнам, Италия және Қырғызстаннан 11 шетелдік блогер қатысты.

Қатысушылар арасында малайзиялық Nur Ruhainies Farehah, Instagram-да 1,7 миллион және TikTok-та 738,7 мың жазылушысы бар актриса және жүргізуші, Қытайдан келген Wang Jianing, Xiaohongshu, Douyin және Weibo-да үлкен оқырманы бар фуд-блогер сияқты халықаралық блогерлер бар.

Іс-шара аясында қонақтар Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ұсынылатын қазақ күресі, құсбегілік, асық ату, тоғызқұмалақ, мангала, овари, мас-рестлинг және дәстүрлі садақ ату спорт түрлерімен танысты. Бұл іс-шара еліміздің оң имиджін, туристік әлеуетін және Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын миллиондаған шетелдік блогерлер аудиториясына насихаттауға мүмкіндік береді.

Айта кетерлігі, 8-13 қыркүйекте Астана қаласында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Іс-шараға 89 елден 2000-нан астам спортшы қатысады деп жоспарлануда. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының Бас демеушісі — ALAGEUM ELECTRIC, Ойындардың Бас серіктесі — Halyk Bank. Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында барлығы 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу Дирекциясының баспасөз қызметі

Басқа жаңалықтар