ӘкімдікӘлеуметБасты тақырыпСұхбат

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ– АУДАН ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ӨЗЕГІ

ҚАРАША АЙЫНЫҢ ҮШІНШІ ЖЕКСЕНБІСІ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ТӨЛ МЕРЕКЕСІ. БҰЛ КҮН БІЗДІҢ АУДАН ҮШІНДЕ АЙРЫҚША МАҢЫЗҒА ИЕ. ЖАЛПЫ АЙМАҚТЫҢ НЕГІЗГІ ТАБЫС КӨЗІ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ. ОСЫ ОРАЙДА ОЙЫЛ АУДАНДЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ АБАТ МҮБАРАКОВПЕН АУДАННЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БҮГІНГІ ДАМУ ҚАРҚЫНЫ МЕН АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАРЫ ЖӨНІНДЕ СҰХБАТТАСҚАН ЕДІК.

-Абат мырза, ауданда ауылшаруашылығы саласының даму қарқыны, мал басының өсуі қалай?
Ауыл шаруашылығы саласында мал саны өсіп, өндірілген өнімде жыл санап артып келеді. 2023
жылдың 1-ші қазанына ауданымызда мүйізді ірі қара 43896 бас,
былтырғы жылмен салыстырғанда 103,0%, қой-ешкі 177870 бас,
былтырғы жылмен салыстырғанда 101,1%, жылқы 18765 бас,
былтырғы жылмен салыстырғанда 104,1%, түйе 99 бас, былтырғы
жылмен салыстырғанда 119,3%,құс 34574 бас, былтырғы жылмен салыстырғанда 101,0% құрап отыр.

-Кейінгі жылдары өңірде шаруашылықтарды мал азығымен қамтамасыз ету мәселесі өзекті. Тұрғындардың мал азығымен қамтылуына тоқталып өтсеңіз.Ауыл шаруашылығы, соның ішінде мал шаруашылығымен айналысатын Ойыл ауданында қыстық мал азығын дайындаудың маңыздылығы күн өткен сайын артуда.Мал шаруашылығын дамыту үшін ең бастысы қажетті жем қоры болуы керек. 2023-2024 жылға жыл жарымдық қысқы мал азығы тапсырмасы 215,1 мың тонна,дайындалғаны 215,4 мың/тн
орындалуы 100,1%, тасымалданғаны 215,4 мың/тн,орындалуы 100,0 % шөп қажет ететін аула саны 2110 аула, қамтылуы 2110 жеке тұрғын аула , немесе 100,0% пайыз шөппен қамтылды. Аудан орталығына, елді мекендерге кәсіпкерлермен қысқы мал азығы арпа, күрпі жемдік мал азығы қолжетімді бағамен сатылуда.
-Шаруашылықтардың мемлекеттік бағдарламаларға қатысуы қалай? Мал шаруашылығы,кооперативтердің жұмыстары,мемлекеттік бағдарламалардың орындалу деңгейі қай дәрежеде? Жалпы ауыл шаруашылығы техникалары жеткілікті ме? Ағымдағы жылы мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында 850 бас ірі қара, 2000 бас –қой сатып алу, 25 бас қой етін экспорттау, 2000 бас мал бордақылау алаңдарына бұқашықтар тапсыру, ірі қараңың аналық басының тұқымдық түрлендіруге қатысу үлесін 33 пайызға жеткізу, қойдың аналық басының тұқымдық түрлендіруге қатысу үлесін 20 пайызға жеткізу, 10 шаруа қожалығы қыстағында ұңғыма құдық қазу, 33 ауыл шаруашылық техникаларын сатып алу жоспарланып отыр.Облыс әкімінің орынбасарының бекітіп берілген тапсырмасына сәйкес бүгінгі таңда мемлекеттік
және салалық бағдарламалар округ қимасына бөлініп берілді.Осы берілген жоспарға сәйкес бүгінгі таңда мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында МІҚ 680 бас немесе 80,0%, қой 1572 бас немесе 79,0%, мал бордақылау алаңына бұқашық тапсыру бойынша 10,1%, ұңғымалы құдықтар қазу бойынша 10 құдық немесе 100%, ірі қараның аналық басының тұқымдық түрлендіруге қатысу үлесі 26,1 %-ға орындалса, қойдың аналық басының тұқымдық түрлендіруге қатысу үлесі 15,5 %-ға орындалды. 2020
жылы шаруашылықтар лизингке 26 бірлік трактор алса, 2021 жылы 30, 2022 жылы 55 трактор алынды, ал ағымдағы жылдың 1-ші қазанына шаруашылықтар лизингке 28 бірлік трактор алып, орындалуы 84,8 %-ға орындалып жыл аяғына дейін 100 %-ға орындалады деп күтілуде. Жалпы Ойыл ауданы бойынша 328
ШҚ, 48 заңды тұлғалар бар. Барлығы 505 ауылшаруашылық техникасы бар, оның ішінде 30 %
(152 техника 5 жылға дейінгі),40% (202 техника 10 жылға дейінгі), 30% (151 техника 10 жылдан
жоғары). Ал, шаруа қожалықтар құрылымдарының мал азығын дайындау үшін 874,5 тонна жанар-жағар майға сұраныс беріліп, жем шөп дақылдарын жинау жұмыстарына қажетті дизель отынын жеткізуші оператор – «АЗС Лидер» ЖШС болып анықталды. Ағымдағы жылдың шілде айынан бастап, дизель отынын жіберу бағасы мұнай базасынан – 1 литріне 250 теңге болып бекітіліп,шаруашылықтар қажетті дизель отынын тасымалдап алуда.-Сұхбатыңызға рақмет!
Сұхбаттасқан:
Гаухар АЛЕКСЕЕВА.

Басқа жаңалықтар