15 наурыздағы референдум – ортақ болашаққа бастар жол

15 наурызда өтетін референдум – ел дамуының жаңа кезеңін айқындайтын маңызды қадам. Референдум – халықтың өз еркін тікелей білдіруінің айқын көрінісі, яғни мемлекет тағдырына қатысты шешімді азаматтардың өзі қабылдайтын демократиялық құрал. Мұндай саяси оқиға қоғамның бірлігін нығайтып, әрбір азаматтың жауапкершілігін арттырады.
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан бірқатар саяси реформаларды жүзеге асырды. Соның ішінде 1995 жылғы референдум елдің қазіргі Конституциясын бекітіп, мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастыруға негіз болды. Ал 2022 жылғы референдум саяси жаңғыру бағытын айқындап, халықтың шешім қабылдауға тікелей қатысу мүмкіндігін кеңейтті. Бұл тәжірибе референдумның ел болашағын айқындаудағы маңызын дәлелдейді.
Бисекенова Гульнара
“Шұғыла” мәдениет және демалыс орталығының басшысы


