Референдум

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!»

Ойыл аудандық коалиция мүшелері бүгін аудан көлемінде жаппай «Есіктен-есікке» акциясын ұйымдастырып, тұрғындармен тікелей кездесу жұмыстарын жүргізді. Акция аясында ауыл ақсақалдарының үйлеріне арнайы барып, жаңа Конституция жобасы жөнінде жеке түсіндіру жұмыстарын өткізді.

Бұл формат – халықпен ашық әрі сенімді диалог орнатудың тиімді жолы. Коалиция мүшелері әр отбасының шаңырағында болып, референдумның маңызы, жаңа Конституциядағы негізгі өзгерістер, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктері туралы кеңінен түсіндірді. Әсіресе, аға буын өкілдерінің пікіріне құлақ асып, олардың ой-толғамдары мен ұсыныстарын назарға алды.

Ауыл ақсақалдары ел болашағына бейжай қарамайтынын білдіріп, конституциялық реформаның мазмұнына қатысты өз көзқарастарын ортаға салды. Жеке меншікке қол сұғылмаушылық, заң үстемдігі, әлеуметтік әділеттілік және қоғамдық келісім мәселелері жөнінде мазмұнды пікір алмасу өтті.

«Есіктен-есікке» акциясы – формалды шара емес, халықпен тікелей байланыс орнатуға бағытталған маңызды қадам. Мұндай кездесулер тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, азаматтық белсенділікті де күшейтеді. Коалиция мүшелері алдағы уақытта да аудан аумағында осындай түсіндіру жұмыстарын жалғастыра береді.

Related Articles

Back to top button