ӘкімдікӘлеумет

ҚЫСТЫҢ ҚАМЫ – ҚАЗІРДЕН БІРАҚ, ШІЛДЕДЕ ШӨП ӨТПЕЙДІ!

«Қыстың қамын жаз ойла!» деген халық даналығының мәні бүгін де өзектілігін жойған жоқ. Әсіресе, мал шаруашылығымен айналысатын өңір үшін қысқы мал азығын ерте қамдау – жауапты істің бірі. Осы мақсатта өткен сенбі күні Ойыл ауданында тұрғындарды қысқы мал азығымен қамтамасыз етуге бағытталған шөп жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Жәрмеңкеге жергілікті шаруа қожалықтары мен жеке жеткізушілер қатысып, сапалы шөпті тұрғындарға қолжетімді бағамен ұсынды. Атап айтқанда, «Тәуекел» және «Мұрагер» шаруа қожалықтары мен жеке жеткізуші Ербол Жұмақұлұлы өз өнімдерін сатылымға шығарды. Бір тюк шөптің бағасы 600 теңге болып белгіленіп, тұрғындардың еркін таңдау жасап, қажетті мөлшерде сатып алуына мүмкіндік жасалды.

Бүгінде мал шаруашылығы – аудан экономикасының негізгі тіректерінің бірі. Сондықтан жем-шөп қорын жеткілікті көлемде дайындау – алдағы қыс мезгілін алаңсыз өткерудің басты кепілі. Осы орайда ұйымдастырылған шөп жәрмеңкесі тұрғындарды қолжетімді бағамен сапалы мал азығымен қамтамасыз етуге бағытталған маңызды әлеуметтік бастамалардың бірі болды.

Қысқа қамдану бүгіннен басталатынын ескерсек, мұндай жәрмеңкелердің маңызы алдағы уақытта да арта түсері сөзсіз.

Г.АБАЙҚЫЗЫ

Related Articles

Back to top button