«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!»

Ойыл аудандық коалициясы мүшелері Ойыл аудандық «Көкжар» коммуналдық кәсіпорынының еңбек ұжымымен кездесіп, жаңа Конституция жобасы бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында жаңа Ата заңның негізгі қағидаттары – заң үстемдігі, әлеуметтік әділеттілік, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелері жан-жақты түсіндірілді. Коммуналдық сала қызметкерлері үшін еңбек қауіпсіздігі, әлеуметтік кепілдіктер, әділ еңбекақы және тұрақты жұмыс орындарының маңызы ерекше екені айтылып, бұл бағыттардың Конституциялық деңгейде нақтылануы қоғамдағы тұрақтылықтың кепілі екені атап өтілді.
Сондай-ақ, жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру мәселесі қозғалды. Бұл өзгерістер өңірлік деңгейде ашықтық пен жауапкершілікті арттырып, халықтың шешім қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтеді. Қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, ашық пікір алмасу ұйымдастырылды.
Кездесу соңында коалиция мүшелері алдағы республикалық референдумның тарихи маңызын атап өтіп, әр азаматты ел болашағына бейжай қарамай, саналы таңдау жасауға шақырды.





