Референдум

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!»

Ойыл аудандық коалициясы мүшелері Ш.Берсиев атындағы Ойыл аудандық өнер және өлкетану музейі ұжымымен кездесу өткізді. Басқосу барысында жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары мен оның рухани-мәдени салаға ықпалы жан-жақты талқыланды.

Кездесу кезінде Ата заңның басты қағидаттары – заң үстемдігі, тарихи-мәдени мұраны сақтау, ұлттық құндылықтарды қорғау және азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері кеңінен түсіндірілді. Музей қызметкерлері үшін ел тарихын сақтау мен насихаттау – үлкен жауапкершілік екені атап өтіліп, жаңа Конституцияда мәдениет пен руханиятқа қатысты ұстанымдардың маңызы сөз болды.

Сонымен қатар, ұрпақтар сабақтастығы, тарихи жадыны сақтау және жастардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру мәселелері қозғалды. Өлкетану музейі – өткен мен бүгінді байланыстыратын рухани көпір екені айтылып, мәдени мұраны қорғау мен дамыту бағытындағы мемлекеттік саясаттың маңыздылығы ерекше аталды.

Кездесу ашық диалог форматында өтті. Ұжым мүшелері өз ойларын білдіріп, ел болашағына қатысты пікір алмасты. Коалиция мүшелері алдағы республикалық референдумның тарихи маңызын атап өтіп, барша азаматтарды саналы таңдау жасауға шақырды.

 

Related Articles

Back to top button