ӘкімдікӘлеуметБасты тақырыпДенсаулықСпорт

ДӘСТҮРЛІ ТУРНИР МЕН ЖОЛДАСТЫҚ КЕЗДЕСУ

Өткен сенбі күні Ойыл балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде 25 қазан Республика күніне орай 2008-2002, 2010-2011, 2013-2014 жылы туған жасөспірімдер арасында бокстан Ойыл ауданы командасы мен Қобда ауданының командасы арасында жолдастық кездесу ұйымдастырылып өткізілді.


Жарыс қорытындысы бойынша спортшыларымызды спорт ардагері Қарабалиев Рахым Қожасұлы қаржылай демеушілік жасап марапаттады.


Сонымен қатар, Ойыл ауданының құрметті азаматы, спорт ардагері Рахым Қарабалиевтың жүлдесі үшін футболдан VII дәстүрлі аудандық турнир өткізілді.


Турнирге 5 команда қатынасып, қорытындысы бойынша lll орын Ұстаздар командасы, ll орын Ұлан командасы, l орын Көкжар командасы иеленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Рахым Қожасұлы марапатын ұсынды.

 

Басқа жаңалықтар