Референдум
Конституция мемлекеттік биліктің бөліну принципін бекітеді.

Заң шығарушы, атқарушы және сот билігі бір-бірінен тәуелсіз әрекет етіп, өзара тепе-теңдік пен бақылау жүйесін қалыптастырады. Мұндай құрылым мемлекеттің тиімді әрі әділ басқарылуына жол ашады. Сонымен қатар, азаматтардың сөз бостандығы, еңбек ету, білім алу, денсаулық сақтау құқықтары заңмен қорғалады.
Еліміздің ұзақ мерзімді даму бағдарламалары да Конституция негізінде жүзеге асырылып келеді. Мысалы, Қазақстан–2050 стратегиясы ұлттық экономиканы нығайту, халықтың әл-ауқатын арттыру және халықаралық беделді күшейту сияқты мақсаттарды көздейді. Бұл стратегиялық міндеттердің барлығы Ата Заңда көрсетілген қағидаттарға сүйенеді.
Майлыбаева Данагуль Нурдаулетовна-Ойыл аудандық оқушылар үйінің директоры



