Әлеумет
«Біз біргеміз» акциясы жалғасуда…
«Берекені көктен тілеме, бірлігі мол көптен тіле», — деген дана халқымыз. Расында «Бірлік бар жерде тірлік бар» деп те бекерге айтпаса керек. Осы орай жуырда Құмжарған ауылының тұрғыны Ләззәт Байманова өз отбасының атынан провизорлық, инфекциялық бөлімде жатқан науқастарға және медицина қызметкерлеріне ыстық нан мен 10 мың теңге қаржылай көмек көрсетті. Осы қиын-қыстау сәтте қолдау білдіргеніңізге Ойыл аудандық ауруханасы жане кәсіподақ ұжымы алғысын білдіреді!