«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!»

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Ойыл аудандық коалициясының мүшелері Ойыл аудандық саз мектебінде болып, ұстаздар ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында жаңа Конституция жобасының маңызы, оның қоғам дамуы мен ел болашағы үшін атқаратын рөлі туралы кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Әсіресе мәдениет пен өнер саласының дамуына, ұлттық құндылықтарды сақтауға және шығармашылық ортаны қолдауға қатысты мәселелерге ерекше назар аударылды.
Ұстаздар қауымы да өз пікірлерін білдіріп, өнер мен мәдениеттің ұрпақ тәрбиесіндегі орны, ұлттық рухани мұраны насихаттаудағы маңызы жөнінде ой бөлісті. Ашық форматта өткен кездесуде қатысушылар өзара пікір алмасып, көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алды.
Мұндай кездесулер қоғамның түрлі саласында еңбек етіп жүрген азаматтарға Ата Заңның мазмұнын түсіндіруге және ел болашағына қатысты маңызды бастамалар төңірегінде ортақ түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді.

