Референдум
Халық пікірін біріктіретін референдум

Референдум – демократиялық қоғамдағы ең маңызды саяси құралдардың бірі. Ол арқылы халық елдегі маңызды мәселелер бойынша өз пікірін тікелей білдіре алады. Мұндай дауыс беру түрі азаматтардың мемлекет өміріне белсенді қатысуына мүмкіндік беріп, қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайтады.
Референдумның басты ерекшелігі – шешім қабылдауға бүкіл халықтың қатысуы. Бұл тек билік өкілдерінің ғана емес, қарапайым азаматтардың да ел тағдырына әсер етуіне жол ашады. Халық өз таңдауы арқылы заңдарды өзгертуге, жаңа реформаларды қолдауға немесе маңызды мемлекеттік бастамаларға баға беруге мүмкіндік алады.
Дусенгалиев Курал
Мәдениет үйінің өнерпазы


