Референдум
Референдум – халық пен мемлекет арасындағы көпір

Қоғамда маңызды өзгерістер болған кезде халықтың пікірін ескеру үлкен маңызға ие. Осындай жағдайда референдум өткізу – азаматтардың ойын білуге мүмкіндік беретін тиімді тәсіл. Референдум халық пен мемлекет арасындағы байланысты нығайтып, елдің болашағына қатысты шешімдерді бірге қабылдауға жағдай жасайды.
Референдумға қатысу – әр азаматтың құқығы әрі жауапкершілігі. Дауыс беру арқылы адамдар өз көзқарасын білдіріп қана қоймай, елдің даму бағытына үлес қосады. Бұл үрдіс азаматтардың қоғам өміріне белсенді араласуына жол ашады.
Санатов Нұрбек
Белсенді жас



