Әлеумет

Мен атаммен мақтанамын!

Жеңіс күні жақын қалды сол жеңіске жеткен аталарымыздың ерлігінің арқасы сұрапыл соғысқа қару асынып кеудесін оққа тосып елі үшін жауға аттанған солдаттардың ішінде менің үлкен атам Мұңалов Көбен болған. Ол кісі 1917 жылы бұрынғы №22 Тамдыкөл ауыл советінде қазіргі Қарасу ауылында дүниеге келген. 1927-1936 жылдары Ойылда балалар үйінде тәрбиеленіп, білім алады. Ер жеткен соң Қызыл Армия қатарына алынып, ары қарай Ұлы Отан соғысы басталып, майдан жорығын Белоруссиядан бастады. Ұлы Отан соғысын жеңіспен аяқтаған соң, Жапонияға соғысқа барады. 1946 жылы елге аман-есен оралып, еңбек майданына араласады. 1950 жылы Мойынты-Шу темір жолын салуға барады. 1953 жылы тың игеру жылдарында ауылға келіп, мал шаруашылығына араласып, өзінің қажырлы еңбегінің арқасында ‘’Еңбек Ері’’ атанады.

Асыл әжеміз екеуі тынбай еңбек етті. Мал бағып, қоныс тепкен жерлерінің бәріне де елді, даланы көгалдандыра отырып, тал екен. Сол талдары қазір мәуелі ағаштарға айналып, аспанмен таласа өсіп тұр. Атамды көзі көрген ауыл ақсақалдары бұл талдарды ‘’Көбен тал ’’ деп атап кеткен. Атамның суырыпсалма ақындығымен қатар, ауылға түскен келіндердің бетін ашатын өнері болған.

Соғыстағы, еңбектегі ерліктері үшін бірнеше орден, медальдармен марапатталады. Мен көрмесем де атамды мақтан етіп, өсіп келе жатқан өзім сияқты балаларға айтудан жалықпаймын және сол кісінің шөбересі болғанымды мақтан етемін. Атамның ерлігін, еңбегін үлгі ете отырып бас иемін. Сол аталарымыздың арқасында осындай заманда бақытты балалық шақ өткізудеміз.

Шөбересі Мәдина БАЗАРБАЕВА.

Басқа жаңалықтар