ӘлеуметБасты тақырыпРухани жаңғыру
Ауданымызға «адалдықтың туы» келді
Ел Президентінің бес институтуциалдық реформасын жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамды орындау- сыбайлас жемқорлықққа қарсы күресті күшейту бағыты бойынша «Адал жол-Честный путь» марафон-эстафетасы Ақтөбе облысының барлық аудандарына кезектесіп жол тартты. Марафон-эстафетаның мақсаты қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Жастардың жемқорлық дертінен қорғап, сақтандыру.
Сол себепті облыс орталығынан шығып Қобда ауданы арқылы Ойылға жеткен адалдықтың туын ауданның белсенді жастары велошеру жасап, салтанатты түрде күтіп алды. Салтанатты шараға ауданның жаңадан тағайындалған әкімі Дастан Сагиров бастаған аудан басшылары, ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Арман Бердалин, Республикалық Агенттік жанындағы арнайы мониторинг тобының басшысы, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, қоғам қайраткері Айгүл Соловьева және агенттіктің бірнеше өкілдері қатысты. «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» атындағы орталық саябақтағы салтанатты жиында сөз сөйлеген аудан басшысы Дастан Жарылқасынұлы осынау шараның мәні мен маңызына тоқталды.
«Құрметті жерлестер! Бұл марафон эстафетаның маңыздылығы сол егер де дамыған және дамушы елдер алға жылжимын десе, ең бастысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтеді. Бұл тек құзырлы органдарға қатысты ғана емес ,сонымен қатар еліміздегі мемлекеттік салалардың барлығына бірдей міндет. Өскелең ұрпақты қоғамның осы дертінен сақтаудың насихаты болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар тек мұнымен тоқтап қалмайды. Мұндай шарларды бірігіп жүйелі түрде өткізіп тұруымыз керек» -деді.
Ал, одан кейін сөз алған агенттіктің жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Арман Бердалин жаңа әкім мен адал жолдың туының ауданға қатар келуін жақсылыққа жорыды.
«Ардақты ағайын! Құт дарыған қасиетті мекенде, ұлы түгіл қызы да батыр болған, тарихи тұлғалар шыққан өңірдің топырағына келіп сіздермен жүздесіп отырғаныма қуаныштымын. Мақсатымыз — парасыз болашақта адал ұрпақты қалыптастыру. Бұған бәріміз бірге жұмылуымыз керек. Жаңа әкім сіздерге өзімен бірге парасыз бастаманы әкеліп отырғанын жақсы ырымға балап отырмыз» — деді.
Салтанатты шарадан соң көпшілік аудандық мәдениет үйінде Ойыл халық театрының сюжеті сыбайлас жемқорлыққа қатысты құралған «Арылу» спектаклін тамашалады.
«Адал жол –Честный путь» марафон-эстафетасы бізден Темір ауданына табысталады. Шараның соңында әрбір аудан атқарылған шаралар жөніндегі ақпарат ҚР-ның мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне жолданып марафон-эстафета «Адал жол-Честный путь» атты кітаптың жарық көруімен қорытындыланады.
С.НАРЕГЕЕВ,
Ойыл ауданы.