Референдум

🇰🇿 Бірлік пен татулықтың жарқын көрінісі

Бүгін Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ақжар ауылындағы №412 сайлау учаскесіне ауылдағы украин ұлтының өкілі Середа Федор Николаевич келіп, республикалық референдумға қатысып, өз таңдауын жасады.
Федя ағамыздың ата-анасы сонау тың игеру жылдарында осы өңірге келіп қоныстанған екен. Сол кезде Федя ағамыз небәрі бір жаста болған. Содан бері бұл өлке олардың туған жеріндей болып, осы жерде өсіп-өніп, білім алып, отбасын құрып, өмір жолын жалғастырған.
Еңбекқорлығымен танылған Федор Николаевич Кеңес дәуірінде ауыл шаруашылығында еңбек етіп, мықты жылқышылардың бірі болған. Оның ғұмыры – еңбек пен адалдықтың, туған жерге деген құрметтің айқын үлгісі.


Бүгінгі таңда да Федя ағамыз ел тағдырына бейжай қарамай, республикалық референдумға қатысып, азаматтық белсенділіктің үлгісін көрсетті. Бұл – еліміздегі ұлтаралық татулық пен бірліктің, ортақ Отанымызға деген құрметтің жарқын көрінісі.
🤝 Қазақстан – барша этнос өкілдері үшін ортақ үй. Бірлігі бекем елдің болашағы да жарқын!

Related Articles

Back to top button